Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150 қызмет іске қосылады – министр

6 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150 қызмет іске қосылады – министр
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Әлеуметтік әмиян» проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген», - деді Жаслан Мәдиев.

Вице-премьердің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізілуде. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.

Еске сала кетейік, Премьер-министр әкімдерге жылу маусымы штабтарының жұмысын жандандыруды тапсырды.