Жетісу облысында алты баланың анасын өлтіріп кетті
13 наурыз, 2025
pixabay.com
Жетісу облысының Ескелді ауданында адам шошырлық оқиға орын алды – Қарабұлақ ауылында алты баланың анасы қаскүнемнің қолынан қаза тапты. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды.
Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім болды, кейіннен Жетісу облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Ресми деректерге сүйенсек, қанды оқиға ішімдік ішу кезінде орын алған. Қазіргі таңда полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды