«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы елорданың жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибеден өтуші студенттері үшін оқу тренингі мен зияткерлік ойын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңнама талаптарын сақтау мәселесі талқыланды.
Қатысушылар құқық саласындағы білімін көрсетіп қана қоймай, логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау және командалық жұмыс дағдысын жетілдірді.
Осындай іс-шараны өткізу жастардың прокуратура органдарының қызметіне қызығушылығын арттыруға, заңға деген құрметті нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Заң мен тәртіп: Астана прокуратурасы студенттерге оқу тренингі мен зияткерлік ойын ұйымдастырды
23 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Мектептерде құқықтық және есірткіге қарсы профилактиканың цифрлық форматтары енгізіліп жатыр
Бүгін, 17:21
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
Бүгін, 15:58
Астанада мопед мінген екі жасөспірім ұсталды
Бүгін, 13:16
Елде жол жөндеу жобаларында 10 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді