15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Warner Bros қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Warner Bros қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

|
Photo: freepik.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Warner Bros қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұйымдастырушылар танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін көру және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған.

Пирамиданың жобасы 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге. Азаматтардан төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.

Тергеу барысында салымшылар қаражатын сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.

Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сондай-ақ сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал 40 жәбірленушінің залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗