«Транстелеком» АҚ кейбір абоненттерде интернет қызметін пайдалану кезінде уақытша тұрақсыздық байқалғанын хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық мамандар қызметтің қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
«Транстелеком» туындаған қолайсыздықтар үшін абоненттерден кешірім сұрап, түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.
Еске салсақ, Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік байланысы іске қосылды.