Тоқаев таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

3 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
olympic.kz

Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.