Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.
Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.