Тоқаев фаст-фудтың жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды

Бүгін, 15:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев фаст-фудтың жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырды
Фото: akorda.kz

Президент Үкіметке фаст-фуд өнімдерінің агрессивті жарнамасына қатысты мәселені мұқият зерделеп, оның балалар мен жастарға ықпалын ескере отырып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Фаст-фудтың агрессивті жарнамасы қаптап кетті. Тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастырады, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді, еліміздің еңбек күші әлеуетіне теріс әсер етеді.

Дәрігерлердің бақылауында қант диабетіне шалдыққан 7 мыңға жуық бала бар. Олардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ.

Көптеген ел құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына тыйым салады немесе шектеу қояды.

Бұл өте күрделі мәселе. Түрлі шетін тұстары, пікірталастарға негіз болған медициналық, тіпті саяси астары бар. Дегенмен Үкімет, ең алдымен, балаларымыздың саулығын ойлап, аталған проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерделеуі керек», - деді Президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын сақтау туралы пікір білдірді.