Топ-5: биыл Қазақстанда ең көп неке қай өңірде тіркелді
13 қазан, 2025
Фото: freepik.com
«Азаматтарға арналған үкімет» биыл Қазақстанда ең көп неке тіркелген топ-5 өңірді атады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстанда шамамен 88 мың неке тіркелген.
Неке саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, осы кезеңде мұнда 14 254 жұп заңды некеге тұрған.
Екінші орында – Астана қаласы, елордада биыл 10 142 жұп заңды түрде некесін қидырған.
Үшінші орында – Түркістан облысы. Мұнда 6 687 неке тіркелген.
Ал топ-5-ті мына өңірлер түйіндеді: Шымкент (5 570 неке) және Қарағанды облысы (5 394 неке).
Айта кетелік, былтыр заңды неке тіркелген еді.
Ұқсас жаңалықтар
6 мамыр, 2026
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
5 мамыр, 2026
Қарыз алушы кірісінен айырылса, не істеу керек – агенттік жауабы
4 мамыр, 2026
Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті
30 сәуір, 2026
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды