Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
30 сәуір, 2025
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
ҚР СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
19 желтоқсан, 2025
Президент: БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие
19 желтоқсан, 2025
Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді – Тоқаев
19 желтоқсан, 2025
Тоқаев орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды