07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Таза Қазақстан»: Астанада жаппай жүгіру жарысы өтеді

|
Photo: Фото: Сұлтан Сейіт
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Таза Қазақстан»: Астанада жаппай жүгіру жарысы өтеді

|
Photo: Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада 24 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясын өткізуге арналған Almaty Run жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Спорттық іс-шара Триатлон паркі аумағында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттайтын және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптейтін елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады, тіркеу сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін өтеді, ал 09:00-де ресми бастау беріледі.

Қатысушылар үшін 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар дайындалған. Жүгіру барысында көлік қозғалысы тоқтатылмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дәріптеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және маңызды мемлекеттік мерекелер мен құндылықтарға назар аударту.

Іс-шара соңында әрбір қатысушыға естелік медаль табысталып, велосипедтер ұтысы ойнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗