Тайбэйдегі Азия кубогына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды
11-12 шілде күндері Тайбэй қаласында (Қытайлық Тайбэй) дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Оған Қазақстан құрамасының 14 спортшысы енді.
Ерлер:
60 келіге дейін: Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейнуллин;
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
73 келіге дейін: Мади Жеткерген, Береке Рахматуллаұлы;
81 келіге дейін: Мади Амангелді;
100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев;
100 келіден жоғары: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов.
Әйелдер:
48 келіге дейін: Аяна Дүйсенбай;
52 келіге дейін: Айшабибі Мурадимова;
63 келіге дейін: Ханзада Қайратова;
78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова. Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Еске салсақ, бокстан Азия чемпионатына баратын қазақстандық спортшылардың тізімі анықталды.