Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржыны тағы бір медальмен толықты
4 қазан, 2024
Фото: Olympic.kz
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz оlimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды.
Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами алтын алды.
Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті.
Айта кетелік, бұған дейін аталған додада 59 келіге дейінгі салмақта Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды