Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған.
«Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.
Ұсталған азамат жедел тергеу тобына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр.