05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Странджа кубогы»: Үш боксшы жартылай финалға жолдама алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Странджа кубогы»: Үш боксшы жартылай финалға жолдама алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық «Странджа» турнирі өтіп жатыр. Үш қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол да жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗