СҚО-да өрт шыққан қоғамдық моншадан 10 адам эвакуацияланды

15 ақпан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
СҚО-да өрт шыққан қоғамдық моншадан 10 адам эвакуацияланды
Фото: Freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында бір қабатты қоғамдық моншада өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде жетіп, 10 адамды эвакуациялады. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Алдын ала нұсқа бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада. 
 

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада LRT станциясындағы өрт сөндірілгені туралы жаздық.