15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әскери қызметші муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

|
Photo: Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Әскери қызметші муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

|
Photo: Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында әскери қызметшілер арасында муайтайдан CISM ұйымының алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықаралық додаға Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгия елдерінен 84 спортшы қатысуда.

Бұл беделді жарыста Қазақстан атынан Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімі атқыштар ротасының 2-взводының бақылаушы-маманы қатардағы жауынгер Әли Нәсіпқалиев ел намысын абыроймен қорғап жатыр.

Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Жоғары деңгейдегі физикалық дайындығының, табандылығы мен жауынгерлік рухының арқасында Әли Нәсіпқалиев іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, жарыстың жартылай финалына шықты. Осылайша турнирдегі ең мықты спортшылардың қатарына енді.

CISM чемпионатына қатысу еліміздегі армиялық спорттың жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗