Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары награда табыстады
29 қыркүйек, 2025
Фото: akorda.kz
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды.
Еліміздің бұл жоғары наградасы Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана беріледі. Сіздің әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ұдайы атсалысып келе жатқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге табысталып отырған бұл марапат біздің Республикамызға сіңірген еңбегіңіздің бағасы, – деді Италия Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың қолынан Италияның жоғары мемлекеттік наградасын алу зор мәртебе екенін жеткізіп, алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:19
Әлеуметтік желілерде тарихқа қатысты бұрмаланған ақпарат тез таралады – депутат
Бүгін, 16:55
Алатау қаласының Smart City жобасы барлық елді мекенді қамтуы керек – Жанарбек Әшімжан
Бүгін, 16:53
Депутат студенттерді жатақханамен қамту үшін бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды
Бүгін, 16:51
Тоқаев: Қазақстан минералдар мен сирек кездесетін металдар кеніне бай