Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді

Бүгін, 12:14
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 11,1 км³ су пайдаланылды, оның 9,4 км³ «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілді.

Министр ауыл шаруашылығы құрылымында бұл су көлемдері саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесті 30%-ға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.