Сәждеге жығылу ма?: Тойдағы сәлем салу дәстүрі елді шошытты
27 қаңтар, 2025
фото: видеодан алынған кадр
Танымал журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында тойда жайнамаз төсеп, маңдайын жерге қойып, үлкендерге сәлем салған жас жұбайлардың видеосын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Той тойдай болу керек қой! Дәстүрдің тозығы бар, озығы бар деп әр елдің салтын қосып жастардың үйлену сәтін адастырып жатырмыз, ағайын! Мынау не, сәлем салу ма, сәждеге жығылу ма?» - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Беташар болмай ма?», « Қазір әр салтты әркім әртүрлі қылып бұрмалап алады», «Видеода – корей халқының ата-анаға сәлем беру ежелден келе жатқан дәстүрі», «Жігіттің ұлты - корей»», - деп жазды олар.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты