Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлде иегері атанды
29 наурыз, 2026
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.
Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Құрбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.

Еске салайық, бұған дейін Руслан Құрбанов әлем кубогының жартылай финалына жолдама алғаны туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды