Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша іс сотқа жіберілді
23 шілде, 2025
Фото: gov.kz
Руслан Берденовке шабуыл жасаған күдікті Ернар Жиенбай екі бап бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша айып тағылды.
Алдын ала тыңдау 28 шілде сағат 10:00-де өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігінің алдында Берденовке оқ атылған болатын.
Кейін атқан күдікті қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбай екені айтылған. Полиция оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды