Header Banner

Ренат Айтаев Президент Әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды

16 қараша, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ренат Айтаев Президент Әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Ал бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған Әлихан Жамсатов Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды.