АПВ-ға қарсы вакцинациялау адам папилломасы вирусының ең қауіпті түрлерінен қорғануға көмектеседі және жатыр мойны обырының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда қыз балалар 11 жасында АПВ-ға қарсы вакцинаны тегін ала алады. Ал вакцинациялаудан өтіп үлгермеген жағдайда, 17 жасқа дейін қоса алғанда, екпені тегін алу мүмкіндігі бар.
«Баланы вируспен ықтимал кездесуден бұрын алдын ала қорғаған дұрыс. Сондықтан вакцинациялау жасөспірім кезеңде жүргізіледі», — деді Алматы қаласындағы № 36 қалалық емхананың директоры Гүлжайнат Тілеген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада адам папилломасы вирусына қарсы иммундау жалғасып жатқаны туралы жаздық.