Референдум-2026

Қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады - Қазгидромет

Қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады - Қазгидромет
Фото: ЖИ

Күздің алғашқы айында еліміздің барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы тамыз айымен салыстырғанда біртіндеп 5–7 градусқа төмендейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болуы ықтимал.

Жауын-шашын мөлшері негізінен климаттық норма шегінде.

«Жауын-шашын әдеттегіден көбірек елдің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде, ал нормадан аз – негізінен оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде болжанады.

Көпжылдық бақылау деректеріне сәйкес, тәуліктік орташа ауа температурасының +10 градус белгісінен тұрақты өтуі солтүстік облыстарда қыркүйек айының екінші жартысында байқалады. Ал оңтүстік өңірлерде күзгі температураларға тұрақты көшу кейінірек, қазан айында орын алады», делінген болжамда.

Еске сала кетсек, 2025 жыл метеорологиялық бақылау тарихындағы ыстық жылдардың бірі болды.