ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
9 сәуір, 2026
Фото: ҚТЖ
2026 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ паркі 24 жаңа локомотивпен толықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында Wabtec және CRRC компанияларының магистральдық тепловоздары, Alstom шығарған электровоздар және CRRC маневрлік тепловоздары бар. Локомотивтер Астана, Қарағанды, Жем, Атырау және Маңғыстау деполарында пайдалануға берілді.
«Жаңа техника қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, мамандардың еңбек жағдайын жақсартты. Барлық машиналар зертханалық сынақтардан өтіп, талаптарға сай келеді және экстремалды климаттық жағдайларда пайдалануға бейімделген», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
«Қорлар қоры» 95 млн доллар тартып, ЖИ жобаларын қаржыландыруды бастады
30 сәуір, 2026
Цифрландыру іс жүзінде: Ұлттық ұланда «Ұсыныс алаңы» кері байланыс платформасы іске қосылды
30 сәуір, 2026
Елімізде жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарланды
29 сәуір, 2026
Cyber Academy-ге өтінім қабылдау басталды