Қонаев қаласында 150 мың гектар жер заңсыз берілді – фейк

Қонаев қаласында 150 мың гектар жер заңсыз берілді – фейк
Фото: freepik.com

Қонаев қаласына хайуанаттар бағын орналастыру үшін 150 мың гектар жер заңсыз берілгені жайында АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің ақпараты түрлі БАҚ беттерінде тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қапшағай қаласы әкімдігінің №2254 қаулысына сәйкес «Қапшағай зоопарк» ЖШС-на тұрғын үй-көңіл көтеру кешені мен хайуанаттар саябағын орналастыру үшін 150 мың емес, 150 гектар жер берілген. Сондай-ақ бұл жер осыдан 19 жыл бұрын берілгенін айта кету керек», делінген хабарламада.

Жер учаскесінің Бас жоспарға сай берілмеуіне байланысты прокуратура сотқа талап арыз түсірген. Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа үшінші тұлға ретінде қатысқан.

Бүгінгі күні аталған жер учаскесі бойынша жер-кадастрлық істер қаралып, прокуратураның талап арызын сот органдары қанағаттандырылды. 13 қаңтардағы Кассациялық сот қаулысының негізінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің дереккөзінде 150 000 гектар туралы ақпарат жаңартылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл жаңа 25 жерде газ іздестіру үшін геологиялық барлау жүргізіледі.