«Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру және еңбек жағдайын жақсарту бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспаасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, соңғы 2,5 жылда егістікті суару үшін су беру қызметін көрсететін «Қазсушар» РМК мамандарының жалақысы орта есеппен екі есеге артты. 2024 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жалақы тағы 35-50%-ға, ал 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 15%-ға көтерілді.
Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы 326 мың теңге. Ал ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 212 мың теңгеге дейін өсті.
«Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шарасы да енгізіліп жатыр. Мәселен, 2024 жылы су шаруашылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Ал былтыр «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорынға 576 жаңа техника берілді. Бұдан бөлек, тарифтік қаражат есебінен тағы 135 техника сатып алынды. Бұл кәсіпорынның техника паркін 27%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Қазсушар» РМК-ның 435 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске слаа кетсек, үш жылда су саласындағы аяқталмаған жобалар саны екі есеге жуық қысқарды.