Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
«Күміс жүлде! Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтады», делінген хабарламада.
Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсіп, финалға шықты. Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде Аустралиядан 1:2 есебімен жеңді.