Қазақстандық садақшылар Әлем кубогы кезеңінің үшінші айналымына жолдама алды

Бүгін, 21:00
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық садақшылар Әлем кубогы кезеңінің үшінші айналымына жолдама алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Халықаралық турнир аясында блокты садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.

Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы неміс елініңі өкілі - Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін бритардық Элла Гибсонмен бақ сынайды.

Айта кетейік бүгін сондай-ақ классикалық садақ атудан жарыстар басталады.