Қазақстанда тәулігіне 1 млн жұмыртқаны терең өңдейтін кәсіпорын салынады

Қазақстанда тәулігіне 1 млн жұмыртқаны терең өңдейтін кәсіпорын салынады
Фото: АШМ

Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Kaz Eggs» серіктестігі бастамасымен жүзеге асырылатын болашақ өндірістік кешен тәулігіне 1 млн жұмыртқа береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі 30 млрд теңге.

Келер жылдың IV тоқсанына жоспарланған жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға жол ашады.

Министрлік заманауи өндірістерді құруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған инвестициялық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.