Header Banner

Астанада жаңа перинаталдық орталық салу жоспары дәрігерлермен талқыланды

Астанада жаңа перинаталдық орталық салу жоспары дәрігерлермен талқыланды
Фото: «Әділет» партиясы

Астанадағы №2 қалалық емхана ұжымымен кездесуде Президент Жолдауының негізгі бағыттары және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жоспарлары талқыланды. «Әділет» партиясы ұйымдастырған басқосуда жаңа медициналық нысандардың құрылысы мен оларды уақтылы пайдалануға беру мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесуге заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов, «Әділет» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының төрағасы Азамат Жүсіпқалиев және «Әкелер одағы» ұйымының Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай қатысты.

Жамаладен Ибрагимов Жолдаудың ел дамуының басымдықтары мен мемлекеттік органдардың алдағы міндеттерін айқындайтын саяси құжат екенін атап өтті. Ол 2027 жылға белгіленген Жалпыхалықтық құрылыс жылы аясындағы міндеттерге тоқталып, бұл бастаманы елді дамытуға бағытталған ауқымды жұмыс ретінде қарастыру керектігін айтты.

«Жолдау мемлекеттің негізгі басым бағыттары мен алға қойған мақсаттарын айқындайды. Ондағы міндеттер мемлекеттік органдармен қатар, қоғам үшін де маңызды», — деді Жамаладен Ибрагимов.

Азамат Жүсіпқалиев келесі жылы елімізде денсаулық сақтау саласында 70-ке жуық нысан салу жоспарланғанын жеткізді. Оның айтуынша, Астананың Сарыарқа ауданындағы Қосшығұлұлы көшесінде перинаталдық орталықты 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.

«Денсаулық сақтау — алдағы құрылыс жұмыстарының басым бағыттарының бірі. „Әділет“ партиясы Президент бастамаларын қолдаушы партия ретінде осы нысандардың уақтылы салынып, халық игілігіне берілуіне өз тарапынан атсалысады», — деді Азамат Жүсіпқалиев.

Спикерлер медицина қызметкерлеріне уақыт бөліп, Жолдауды талқылауға қатысқандары үшін алғыс білдірді. Кездесуде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жоспарлары мен оларды іске асыруға қатысты пікір алмасу өтті.

*Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.