Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Feeder Vila Nova de Gaia-2025 турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарысқа Англия, Бразилия, Бельгия, Венесуэла, Германия, Нидерланд, Италия, Израиль, Қазақстан, Корея, Колумбия, Мексика, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Сингапур, Украина, Уэльс, Франция, Хорватия, Чили, Швеция және Швейцария, сондай-ақ Жапония спортшылары қатысады.
Бұл жарыста Владислав Захаров, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева ел намысын қорғайды.
Олар жекелей, жұптық және аралас санаттарды өнер көрсетеді.