Қазақстан дзюдодан Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан дзюдодан Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды
Фото: ijf.org

Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жазда ірі халықаралық жарыстар өтеді.