Референдум-2026

Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа вице-президент тағайындалды

Бүгін, 11:19
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа вице-президент тағайындалды
Фото: С. Цырульниковтың жеке архиві

Күш сынасу экстримі жөнінде әлемдік рекордсмен, есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген, Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының Вице-президенті болы тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация мәліметінше, Сергей Цырульников ұзақ жылдар бойы салауатты өмір салты мен спортты жүйелі түрде насихаттап келеді, спортшыларды, жастарды және еліміздің спорттық рухын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдап келеді.

«Сергей Цырульниковтың тәжірибесі, күш-қуаты мен адалдығы Қазақстандағы ауыр атлетиканың одан әрі дамуына маңызды үлес қосатынына сенімдіміз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Цырульников Сергей Валерьевич - Қазақстан Республикасының Ізгі ниет елшісі, «Құрмет», «Достық» мемлекеттік ордендерінің және түрлі ведомстволардың өзге де медальдарының иегері, Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, 
Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы (7 рекорд), Әлемнің, Қазақстанның бірнеше дүркін рекордшысы, Көптеген бірегей әлеуметтік-қайырымдылық имидждік жобалардың авторы.

Әлемнің 70-тен астам еліндегі халықаралық алаңдарда сөз сөйлеп, елімізді және Қазақстанның күштік спорт мәдениетін таныстырды.

Еске салсақ, Талғат Рахманберді Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын жаздық.