07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Арменияға алғашқы азық-түліктік бидай партиясын жөнелтті

|
Photo: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Арменияға алғашқы азық-түліктік бидай партиясын жөнелтті

|
Photo: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түліктік бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі өтіп, онда Ереван бағытына жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынғаны айтылды.
Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді қолдау мақсатында Қазақстан жаңа теміржол бағытымен азық-түліктік бидайдың пилоттық партиясын жөнелтті.

«Бүгін 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізіледі деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. 

Бакуге жұмыс сапары барысында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басшылығы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі өкілдерімен кездесті. Тараптар транзиттік жүктің сәтті өтуін және оны армяндық серіктестеріне жеткізуді бірлесіп бақылап отыр.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, жаңа транзиттік бағыттың ашылуы қазақстандық астық экспортының аумағын кеңейтумен қатар, Кавказ өңірі елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗