Қалдықтар табиғатта қанша уақытта ыдырайды

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қалдықтар табиғатта қанша уақытта ыдырайды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Біз күн сайын түрлі қалдықтарды тастаймыз, бірақ олардың табиғатта қанша уақыт сақталатыны туралы жиі ойлана бермейміз. Кейбір қалдықтар ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы қоршаған ортаға әсерін тигізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Шыны – 1000 жылдан астам уақыт бойы ыдырамайды. Табиғи жағдайда оның бұзылуы өте ұзақ уақытты қажет етеді. Алайда шыныны сапасын жоғалтпай шексіз қайта өңдеуге болады.

Пластикалық бөтелке – 450 жылдан 1000 жылға дейін ыдырайды. Уақыт өте келе пластик ұсақ бөлшектерге – микропластикке айналып, топырақ пен суды ластайды және тірі ағзаларға қауіп төндіреді.

Батарея – шамамен 110 жылда ыдырайды. Бірақ оның құрамындағы қорғасын, сынап, кадмий және никель сияқты ауыр металдар топырақ пен жер асты суларына ұзақ жылдар бойы зиян келтіруі мүмкін.

Табиғатты қорғауға әрқайсымыз үлес қоса аламыз:

- Қажетсіз тұтынуды азайту;

- Заттарды қайта пайдалану;

- Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге жіберу;

- Батареяларды арнайы қабылдау орындарына тапсыру.

Еске сала кетейік, елордада Ақбұлақ өзенін тазарту жұмысы жүріп жатыр.