Пулатов: Конституция – азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық келісім

Пулатов: Конституция – азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық келісім
Фото: Шерзод Пулатовтың жеке мұрағатынан

Астана қаласы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шерзод Пулатов Қазақстанның жаңа Конституциясы жөнінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сарапшының айтуынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы ғана емес, ең алдымен азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген заманауи қоғамдық келісім.

«Жаңартылған Конституцияны қолдау – заң үстемдігін, заң алдындағы теңдікті, адам ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды, әлеуметтік әділеттілікті және әр азаматтың құқықтық қорғалуын қолдау деген сөз. Дәл осы құндылықтар тұрақты, әділетті әрі үйлесімді қоғамның негізін қалайды.

Конституциялық нормалардың барша азаматтарға тең мүмкіндік беруге, құқықтық мәдениетті нығайтуға және әркімнің ел болашағы алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны ерекше маңызды», - деді Ш.Пулатов.

Сарапшы адам құқықтарын құрметтеу мен заң үстемдігіне негізделген қуатты Конституция – Әділетті Қазақстанды құрудың және қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтудың берік тірегі екенін жеткізді.