Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

18 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
instagram.com/rustemova_aliya

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан жарақат алған фельдшер ауруханада қайтыс болғанын жазған болатынбыз.