Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жамбыл облысына сапары кезінде Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. 

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі. 

Бұған дейін Президенттің «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралаған болатын.