Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
6 мамыр, 2026
Фото: Мәжіліс
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәжіліс «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады. Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева кірді», - делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұдан бұрын Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 5 конституциялық заң ұсынылатыны туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
17 маусым, 2026
Ата заң азаматтардың күнделікті өмірімен тығыз байланысуы керек – депутат
17 маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын басқаруда ынтымақтастықты күшейтеді
17 маусым, 2026
Қазақстан тауарын БАӘ нарығына шығаруға қолайлы жағдай жасайтын келісім мақұлданды
17 маусым, 2026
Мәжіліс Қазақстанның екі халықаралық қаржы институтынан қарыз алу жөніндегі келісімін мақұлдады