Қарағанды қаласында сот әуе тасымалдаушыға жолаушыға келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының тұрғыны Астанадан Вьетнамның Фукуок аралына жалпы құны 420 мың теңге болатын төрт әуе билетін сатып алған.
Алайда ұшуға бір тәулік қалғанда әуе тасымалдаушы жолаушыға овербукинг (билеттің әуе кемесіндегі орыннан артық мөлшерде сатылуы-ред) салдарынан рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлаған.
Әуе компаниясы билеттердің құнын қайтаруды немесе бастапқы жоспарланған күннен 2 тәулікке кеш ұшатын «Алматы-Дананг-Алматы» бағытына ауыстыруды ұсынған. 274 мың теңге көлемінде ақшаның бір бөлігі қайтарылғанына қарамастан, жолаушы өзіне шығын келтірілгенін алға тартып, турагент пен әуе тасымалдаушыны сотқа берген.
Әуе тасымалдаушы талап-арызды мойындамай, шағымданушының шығыны сотқа жүгінгенге дейін өтелгенін алға тартты.
Шағымды қараған Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №2 соты жолаушыны уақтылы жеткізбеу және рейсті тоқтатуға тікелей әуе тасымалдаушы жауапты екенін алға тарта отырып, әуе компаниясына 50 мың теңге мөлшерінде моральдық шығынды өтеуді міндеттеді.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қорытындысымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Овербукинг кесірінен қарағандылық шетелде демалысынан қалды
27 қаңтар, 2026
Фото: pexels.com
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:01
ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маңызды ескерту жасады
6 қараша, 2026
Отандық лоукостер Дубайға әуе рейсін қайта іске қосады
6 қараша, 2026
Цифрлық дәуірде Қазақстанның ресми статистикасы қолжетімді бола түсуде
6 қараша, 2026
Электронды келісімшарт шаруаны көбірек сумен қамтуға мүмкіндік берді