05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Олжас Бектенов: Өткен жылы экономика 4,8 пайызға өсті

|
Photo: Фото: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Олжас Бектенов: Өткен жылы экономика 4,8 пайызға өсті

|
Photo: Фото: akorda.kz

Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді», - деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.

«Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды», - деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗