Референдум-2026

Нұржан Жұмабай ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

11 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Нұржан Жұмабай ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды – 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді – 335 (151+184) келі.