06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нәзік болмыс, айқын ұстаным

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нәзік болмыс, айқын ұстаным

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіз даму жолының алғашқы қадамы болды. Дәл сол сәттен бастап Қазақстан өзіндік көзқарасы бар, егемен мемлекет ретінде әлемге таныла бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сол кезеңдегі Жоғарғы Кеңес құрамында әйел депутаттар да ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға белсене атсалысты. Олардың қатарында Зылиха Тамшыбаева, Бірғаным Әйтімова, Мереке Бутина, Күлтай Демисенова, Гүлмира Исимбаева сынды тұлғалар бар еді.

Олардың батылдығы мен жауапкершілігі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу дәуірінде әйел көшбасшылығының жарқын үлгісін көрсетті.

Егемендіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі бар-жоғы 30 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 55 пайызға жуық, ал басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 40 пайызға жетті. Аталмыш көрсеткіш қоғамның мәдени және әлеуметтік жетілуінің айғағы.

Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің 51,5 пайызы әйелдер қауымы, ал олардың 24,6 пайызы басшылық лауазымдарда.

Сонымен қатар, Астана қаласының өңірлік кадр резервіне қабылданған  резервшілердің екеуі бүгінде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымға тағайындалды. Бұл көрсеткіш әйелдердің кәсіби әлеуетін іске асыру мен мансаптық өсуге нақты жағдай жасалып отырғанының дәлелі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап өткендей, «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады». Осы идея жаңа буын мемлекеттік қызметшілер үшін басты бағдарға айналды. «Адал азамат» ұғымы кәсібилік, адалдық пен қоғам алдындағы жауапкершілікті біріктіретін жаңа этикалық өлшем.

Бұл қағидалар әсіресе әйел көшбасшылардың қызметінде айқын көрініс тауып отыр. Мемлекеттік қызметтегі әйелдер кәсіби шеберлікпен қатар, адамгершілік пен әділдікке негізделген басқару мәдениетін орнықтырып келеді. Олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты бейнесі қоғамды тыңдайтын, түсінетін және мүддесін қорғайтын тұлғалар.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Нәзипа Құлжанова, Шолпан Иманбаева, Хадиша Бегалиева сынды алғашқы қазақ әйелдері елдің мәдени және білім салаларында көш бастады.

Ал тәуелсіздік дәуірінде Зәуре Қадырова, Гүлшара Әбдіқалықова, Наталья Коржова, Зағипа Балиева, Гүлжан Қарағұсова секілді тұлғалар әйелдердің мемлекеттік басқарудағы жаңа дәуірін қалыптастырды.

Бүгінгі Астаналық әйелдер сол дәстүрдің лайықты жалғасы. Олар мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында өз білімін қоғам игілігіне жұмсап, ел дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.

Мемлекеттік басқарудағы әйел елдің тұрақтылығы мен жаңғыруының тірегі. Олар кәсібилік пен парасаттылықты үйлестіріп, жаңа мемлекеттік мәдениеттің үлгісін қалыптастыруда.

Ел Президенті айтқандай, «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Барлық деңгейде жауапкершілік болса ғана, ісіміз оңға басады». Бұл қағида әйел көшбасшылардың күнделікті еңбегінде нақты іске асуда.

Сондықтан бүгінгі мемлекеттік қызметтегі әйел тек басшы ғана емес, ол ел болашағын қалыптастырушы, қоғамды алға жетелейтін Адал азамат бейнесі.

Мерей Разақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бас маманы

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗