Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

Бүгін, 11:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президенттің айтуынша, азаматтарымыз да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керек.

– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент соңғы алты жылда электр энергиясын өндіру 16 миллиард киловатт-сағатқа артқанын айтқан болатын.