Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді

Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Польшада қамауға алынған қазақстандық босатылды. Мемлекет басшысы Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, елдің Президенті мен Премьер-министріне хат жолдамақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Еске сала кетсек, Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шықты.

«Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді», делінген хабарламада.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан Президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей Президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.

«Мемлекет басшысы Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ», - деді Айбек Смадияров.