Header Banner

Мемлекет басшысы Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

25 қараша, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Фото: akorda.kz

25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Еске сала кетейік, Президент Халықтық құрылыс бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті.