Референдум-2026

Мәдина Әжікенова: Жаңа Конституция – мемлекеттік басқарудағы жаңа кезеңнің бастауы

3 шілде, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мәдина Әжікенова: Жаңа Конституция – мемлекеттік басқарудағы жаңа кезеңнің бастауы
Фото: Мәдина Әжікенованың жеке архивінен

Астана қаласы VIII сайланым мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясының маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияның күшіне енуі – жай ғана заңнамалық өзгеріс емес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа кезеңнің басталуы.

«Ерекше назар аударатын жаңалықтың бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтайдың құрылуы. Бұған дейін заң шығару қызметі екі палата арқылы жүзеге асырылса, енді халықтың үні мен аманатын жеткізетін біртұтас өкілді орган жұмыс істейді»,– деді депутат.

Мәдина Ажкенованың пікірінше, бұл шешім заң қабылдау үдерісін ықшамдап қана қоймай, депутаттардың жауапкершілігін арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ ол Құрылтайдың құрылуын елдегі жаңа саяси мәдениеттің маңызды көрінісі ретінде бағалады.

«Құрылтай – тек жаңа атау емес, ел мүддесін бір арнаға тоғыстыратын жаңа саяси мәдениеттің көрінісі», – деп түйіндеді Мәдина Әжікенова.