06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Каспий жағалауынан жүздеген итбалықтың өлексесі табылды

|
Photo: Фото: Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Каспий жағалауынан жүздеген итбалықтың өлексесі табылды

|
Photo: Фото: Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы

Каспий теңізінің жағалауындағы рейд барысында өлген итбалықтардың 117 өлексесі табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz АШМ Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясы 2025 жылдың 20-21 мамыр аралығында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында рейдтік іс-шаралар жүргізген. Іс-шара барысында Каспий теңізі жағалауынан қосымша 117 дана қатты ыдыраған итбалық өлекселер табылған.

«Өлекселердің ыдырауына қарағанда, табылған итбалықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында өлген. Бекітілген іс-шара алгоритмі бойынша барлық құзырлы мемлекеттік органға хабарланды. Бұрын мониторинг жүргізілмеген жерлерден табылған итбалықтар қатты ыдырағандықтан, қандай да бір сынамалар алу мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Тиісті органдар қызметкерлері итбалықтардың өлекселерін жинап, жойды. Қазіргі таңда Инспекция жағалауда мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жалпы, бүгінгі күнге былтыр қараша айынан жиналып, жойылған итбалықтар саны 2194 данаға жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗